“Шах пен шай” кәсіби диалогі

Математика және физика апталығына орай, қаңтар айының он жетісі күні Айзада Абзалқызы мектептегі мұғалімдер арасында «Шах пен шай» кәсіби диалогін өткізді. Мақсаты:
Мұғалімдердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын жетілдіруге және бірлескен жұмыс арқылы кәсіби қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ету. Сонымен қатар, логикалық тапсырмалар мен ойындар арқылы жағымды орта қалыптастыруға бағытталған.





