«Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығы аясында патриоттық әндер байқауы өткізілді

08.05.2026 ж. күні «Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығы аясында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық рухты қалыптастыру және өнерге деген қызығушылығын дамыту.

«Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығының салтанатты ашылуы

04.05.2026 ж. күні «Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық және спорттық белсенділігін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

«Кітап оқу бәйгесі» жарысы

Ұлттық кітап күніне орай мектеп ұжымы мен ата-аналары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы ұйымдастырылды. Бәйгенің басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы рухани байланысты нығайту және оқырман мәдениетін қалыптастыру.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мамандарымен кездесу

2026 жылдың 24 сәуірі күні мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.

Қуанышты жаңалық!

Оқушымыз Ұзаққали Нұрия Nazarbayev University-інен ресми шақырту алды!
Бұл табандылықтың, үздіксіз еңбектің және білімге деген шынайы ұмтылыстың нәтижесі. Нұрияның жетістігі тек өзінің ғана емес, ұстаздары мен ата-анасының да үлкен мақтанышы.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

[load_module id="107"]

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта itlyceum@mail.kz 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска