Мектеп ұжымының рухани-танымдық жұмысы аясында «Кітап талқы алаңы» жобасының кезекті кездесуі өтті. Бұл жолы Виктор Франклдың «Өмірден мән іздеген жан» шығармасы талқыланды.
Кездесуде адам өмірінің мәні, қиындыққа төзім, рухани беріктік пен үміт тақырыптары қозғалды. Қатысушылар кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, өмірлік құндылықтар туралы ойларын ортаға салды.
Бас қосу ұжым мүшелерінің кітап оқуға қызығушылығын арттырып, рухани дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.