06.05.2026 ж. күні «Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығы аясында жоспарланған іс-шаралар жалғасын тапты.
Күн барысында оқушыларға арналған «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылып, түрлі сергіту және қимылды ойындар өткізілді.
Сонымен қатар, «Айбын» әскери-патриоттық ойындар сайысы өтті. Аталған сайысқа 10 сынып оқушылары қатысып, саптық дайындық, ептілік, жылдамдық және төзімділік бойынша өзара бақ сынады. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын көтеру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және әскери тәртіпке баулу.