Республикалық «Қазақстан білім олимпиадасына» қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды

2024 жылдың 9-10 қараша күндері «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры, «Edlight Academy» ЖШС ұйымдастыруымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өткізілген Республикалық «Қазақстан білім олимпиадасына» қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
Химия пәні бойынша 11 сынып оқушысы Наурызбай Малика «Алғыс хатқа» (жетекшісі: Қоныспай Р.Қ), физика пәні бойынша Жапакова Айсәуле ІІІ орынға (жетекшісі: Жасталап.Ә.Т), физика пәні бойынша 11 сынып оқушысы Аманғали Ақылбек жүлделі І орынға (жетекшісі: Жасталап.Ә.Т) ие болды.
Дарынды оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді құттықтап, білім бәйгесіндегі жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын дейміз!





