Мазмұнға өту

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері анықталды!

21 ақпан 2025 Жаңалықтар
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері анықталды!

18-22 ақпан аралығында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсында лицей оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Аталған конкурста “Физика” секциясы бойынша  11 сынып оқушысы Аманғали Ақылбек жүлделі ІІ орын, (Жетекшісі: Жасталап Әсел Талғатқызы), “Математика” секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Зинекешова Ясминур “Алғыс хатпен” (жетекшісі: Акшиев Шыңғыс Бекжанович) марапатталды. 

Оқушыларымыз бен оларды ғылымға баулып жүрген ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістіктеріңіз ғылым мен білімнің дамуына, еліміздің жарқын болашағына бағытталған маңызды қадам! 

Ғылым жолында жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер, қанаттарыңыз талмасын!

Фотогалерея

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері анықталды!Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері анықталды!

Басқа жаңалықтар