Мазмұнға өту

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН ОТБАСЫЛАР!

14 сәуір 2026 Жаңалықтар
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН ОТБАСЫЛАР!

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектеп кітапханасы сіздерді «Отбасылық кітап әлемі» атты үй кітапханасын таныстыру байқауына қатысуға шақырады!
Бұл байқау – отбасыңыздағы кітапқа деген сүйіспеншілікті, оқу мәдениетін және шығармашылық ойларыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік.

Мақсаты: отбасылық кітап оқу мәдениетін насихаттау
Байқау шарттары: 

  • 1-3 минуттық бейнеролик дайындау
  • Бейнероликте үй кітапханасының ерекше бұрышын көрсету
  • Отбасы мүшелерінің сүйікті кітаптары туралы қысқаша айту
  • Отбасылық кітап оқу дәстүрлерін көрсету

Байқау уақыты: 13–23 сәуір аралығы 
Шығармашылық идеясы мен кітапқа деген махаббаты ерекше оқырман отбасылар марапатталады.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар