Қазақстан-Британ техникалық университетінің (КБТУ) өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді

Мектебіміздің 10–11-сынып оқушыларына Қазақстан-Британ техникалық университетінің (КБТУ) өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен, оқуға түсу талаптарымен және білім алу мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар болашақ мамандықты дұрыс таңдау, кәсіби бағытты анықтау мәселелері талқыланды.
Оқушылар университеттің білім беру бағыттары туралы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.







