«Зияткерлік додадағы жеңіс: лицей педагогтері — үздік!»

2026 жылғы 13 қараша күні өткен облыстық «Квант» интеллектуалды байқауында лицейіміздің физика пәні мұғалімдерінен құралған командасы жүлделі І орынға ие болды!
Жеңімпаз команда құрамы:
Шаденова Диана Болатбекқызы;
Жауғашар Бейімбет Берікұлы;
Мағзомова Аружан Жақсыбайқызы;
Акшиев Шынгыс Бекжанович.
Бұл жеңіс — әріптестеріміздің терең білімі мен кәсіби шеберлігінің, ізденісі мен командалық бірлігінің жемісі.
Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім додасында биіктен көрініп, лицейіміздің мерейін асқақтата беріңіздер!




