Мазмұнға өту

«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»

18 маусым 2026 Жаңалықтар
«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»

Мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Бұл айтулы мерекеге ұстаздар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер қатысты.

Биыл мектебімізден 53 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Олардың ішінде 5 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 16 түлек «Үздік аттестатқа» ие болып, өздерінің білім мен еңбектегі жетістіктерін дәлелдеді.
Салтанатты кеш барысында мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері түлектерге ақжарма тілектерін арнады. Сондай-ақ ата-аналар да жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жас түлектерге сәттілік тіледі.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі – мектеп бітіруші түлектердің орындауындағы әсем ән болды. Сонымен қатар ата-аналар да сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін аша түсті.
Бүгінгі күн – түлектер үшін жаңа өмірге бастар маңызды белес. Барша түлектерімізге алдағы өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!
Ақ жол, жас түлек! Армандарың асқақ, қадамдарың нық болсын!

Фотогалерея

«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»«Қанат қаққан түлектер – қияға самғаған үміттер»

Басқа жаңалықтар