Қаламыздың тазалығына атсалысып жүрген жандарға қамқорлық

«Жас Ұлан» ұйымының оқушылары күннің суығына қарамастан, қаламыздың тазалығына атсалысып жүрген жандарға ыссы шай таратып, олардың жүректеріне жылулық ұялатты. Бұл іс-шара ұйымның қайырымдылық пен қолдау көрсетуге бағытталған маңызды бастамасы болып, еңбекқор жандардың еңбегін бағалап, оларға күш-қуат сыйлады.




