Мазмұнға өту

«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды

9 желтоқсан 2024 Жаңалықтар
«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «ReadX» форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды. Бұл шара оқушылар арасында кітап оқуды насихаттауға, оқушылардың әдеби шығармаларды оқуда қызығушылығын арттыруға, әдебиеттерді талдау және оны көпшілікке ұсыну дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Жоба барысында 7-сынып оқушысы Кенесова Томирис Абайдың Қара сөздерін және 9-сынып оқушылары Елемес Данагүл – Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Рахметуллина Гүлім — Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Батырханова Айя – Вирджиния Вулфтың «Своя комната» шығармаларының мазмұнын талдап, оқырмандарға қызықты етіп ұсынды. Оларды тыңдаушы 7А-сынып оқушыларының кітап оқу ынталары арта түсіп, өздері оқыған шығармаларымен кезек-кезек ортаға шығып бөлісті. Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырып, жақсы әсер қалдырған әдебиеттерді оқуға алды.

Фотогалерея

«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды

Басқа жаңалықтар