Мазмұнға өту

Наурызбай Малика ҰБТ-де 135 ұпай жинап, облыс бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді!

5 маусым 2025 Жаңалықтар
Наурызбай Малика ҰБТ-де 135 ұпай жинап, облыс бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді!

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия-биология бағытының оқушысы Наурызбай Малика ҰБТ-де 135 ұпай жинап, облыс бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді!

Малика, сенің 7-сыныптан бері төккен еңбегің, талпынысың, ғылымға деген сүйіспеншілігің бүгінгі зор жетістікке жетеледі. Бұл жеңіс – сенің білімге деген құштарлығыңның, табандылығыңның, мақсатқа ұмтылысыңның айқын дәлелі.

Сен – болашақтың жарқын жұлдызысың! Алдағы белестерің бұдан да биік болсын, армандарың орындалып, еліміздің дамуына үлес қоса бер!

Наурызбай Малика – білімнің жеңімпазы!

 05062025 1

Басқа жаңалықтар