Мазмұнға өту

«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды

10 желтоқсан 2025 Жаңалықтар
«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай орай 1-8 желтоқсан күндері 7-сынып оқушылары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды. Бәйгеде қатысушылар жазушының «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, өз білімдерімен бөлісті.

Кітап оқу жарысының 1,2-кезеңдері Google Form желісі арқылы, қорытынды кезеңі Kahoot платформасымен тест тапсыру арқылы өткізіліп, үздіктер анықталды.

Бәйге 3 кезеңге бөлінді. Барлығы 41 оқушы қатысты, солардың ішінен 70%-ы екінші кезеңге, 50% -ы қорытынды кезеңге өтті. 

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 7Б-сынып оқушысы Ерболат Бекназар I дәрежелі дипломмен (3 000 теңгелік сертификат), 7А-сынып оқушысы Бисенғали Еркеназ  II дәрежелі дипломмен (2 000 теңгелік сертфикат), 7ә-сынып оқушысы Ибраев Аймырза II дәрежелі дипломмен (2 000 теңгелік сертификат), 7Ә-сынып оқушысы Ерболат Жанәділ ІII дәрежелі дипломмен (1 000 теңгелік сертификат), 7Ә-сынып оқушысы Жасқайрат Мадина IІI дәрежелі дипломмен (1 000 теңгелік сертификат) және 7Б-сынып оқушысы Мұхтар Омар IІI дәрежелі дипломмен (1 000 теңгелік сертификат),7А -сынып оқушысы Серік Мариям «Кітапқұмар оқырман» (800 теңгелік сертификат) аталымдарымен марапатталды.

Оқу бәйгесінде белсенділік танытып қатысқан барша оқырмандарымызға алғыс білдіреміз!

Фотогалерея

«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды

Басқа жаңалықтар