Мазмұнға өту

«Гүл егу» акциясы оздырылды

24 сәуір 2025 Жаңалықтар
«Гүл егу» акциясы оздырылды

Бүгін біз бір игі іске – қоршаған ортамызды көркейтуге, көгалдандыруға бағытталған «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында лицей оқушылары арасында «Гүл егу» акциясы оздырылды.

Акция қонақтары экологиялық-биологиялық орталықтың өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі Каумбаева Фиягуль Кубиновна және облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың қосымша білім беру педагогі Курманова Гүлайым Талғатқызы оқушыларға гүл егудің қыр-сырымен, өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, оқушылармен гүл отырғызуға атсалысты. Сонымен қатар гүлді ары қарай күтіп баптаудың қыр-сырымен таныстырып өтті. Акция соңында қонақтарымызға лицей директоры Ж.М. Шонбаев атынан «Алғыс хат» табысталды. Бұл акция – тек гүл егу емес, ол табиғатқа деген жанашырлықтың, мейірімділіктің көрінісі. Көгалдандыру жұмыстары бұдан әрі де жалғасын таба берсін! 

Фотогалерея

«Гүл егу» акциясы оздырылды«Гүл егу» акциясы оздырылды«Гүл егу» акциясы оздырылды«Гүл егу» акциясы оздырылды«Гүл егу» акциясы оздырылды«Гүл егу» акциясы оздырылды«Гүл егу» акциясы оздырылды

Басқа жаңалықтар