Мазмұнға өту

«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»

3 наурыз 2026 Жаңалықтар
«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»

 3 наурыз күні апталық аясында оқушылардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылды.

Балалар үшін қызықты ойындар мен шапшаңдыққа баулитын тапсырмалар өткізілді. Оқушылар ойынға асқан қызығушылықпен қарап, белсенділік танытты. Бұл шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сабақ арасында сергіп қалуларына мүмкіндік берді.

9 сынып оқушыларына арналған «Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру» семинар-тренингі
Сонымен қатар, дәл осы күні 9-сынып оқушыларына арналған «Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру» атты семинар-тренингі өтті. Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жасөспірімдер үшін өзекті тақырыптарды қамтыды. Тренинг барысында оқушылар өз эмоцияларын басқаруға бағытталған түрлі практикалық тапсырмаларды орындап, психологиялық әдіс-тәсілдерді меңгерді.
Семинардың мазмұны мен форматы оқушыларға қатты ұнады. Қатысушылар ішкі сезімдерін тануды үйреніп, алған мәліметтерінің күнделікті өмірде маңызды екенін атап өтті. Күн соңында оқушылар өздеріне қажетті рухани азық алып, мектеп өміріне жаңа серпінмен оралды.

Фотогалерея

«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»«Эмоционалдық серфинг: сезім толқындарын бағындыру»

Басқа жаңалықтар