Мазмұнға өту

Astana IT университетінің студенттерімен кездесу өтті

28 қараша 2023 Жаңалықтар
Astana IT университетінің студенттерімен кездесу өтті

27 қараша күні  Астана қаласында білім алып жатырған  мектебіміздің түлектері,  Astana IT университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Мақсаты: жоғары оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 9-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту, бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін үлгі ету, мамандықтардың түрлері, оқу орындары туралы мағлұмат беру

Кездесу барысында студенттер 9-11 сынып оқушыларына өздері оқып жатырған  жоғарғы оқу орнының білім беру бағыты жайында ақпарат беріп, мамандық таңдау мен жоғарғы оқу орнын дұрыс таңдау жөнінде, мектепте білім алудың маңыздылығы, ҰБТ туралы ой бөлісіп ақыл-кеңес берді.

Фотогалерея

Astana IT университетінің студенттерімен кездесу өттіAstana IT университетінің студенттерімен кездесу өттіAstana IT университетінің студенттерімен кездесу өтті

Басқа жаңалықтар