Бүгін лицейімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ата-аналар арасында достық пен ынтымақты дәріптейтін Спартакиада оздырылды.
Бүгін лицейімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ата-аналар арасында достық пен ынтымақты дәріптейтін Спартакиада оздырылды.
Жаратылыстану пәндері апталығы аясында 7–10 сынып оқушылары арасында өткен "ақылды үзілістер", викториналар мен квесттік ойындар нәтижесінде үздіктер іріктеліп, апталықтың қорытынды күнінде ерекше форматтағы "Не? Қайда? Қашан?" танымдық-зияткерлік ойыны өткізілді.
Жаратылыстану пәндері апталығы аясында мектеп ұстаздары арасында “НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?” ойыны форматында танымдық-зияткерлік шара ұйымдастырылды. Бұл ойын мұғалімдердің білімін, тапқырлығын және ұжымдық жұмысын сынайтын қызықты форматта өтті.
9-10 сыныптар арасында жаратылыстану пәндерінің апталығы аясында мектепте ерекше форматтағы танымдық шара ұйымдастырылды. Биылғы апталық "Кариб теңізінің қарақшылары" тақырыбында квест түрінде өтіп, оқушыларды логикалық тапсырмалар мен қызықты практикалық кезеңдерге толы саяхатқа жетеледі.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп 7-8 сынып оқушыларына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы жалғасын табады.
Уақыты: 29 сәуір – 12 мамыр.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған XI шығармашылық байқауында информатика пәні мұғалімдерінің арасында лицейіміздің ұстазы Мухамбеткалиев Ораз Жалғасұлы II орын иеленді.
2025 жылдың 23-сәуір күні өткен сынама тестілеуде жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген «Үздік бестік» тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
Бүгін 9 – 10 сыныптар арасында «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында «Ғылыми экспедиция: Қазынаға жол» атты ақылды үзіліс ойыны оздырылды.
Бүгін біз бір игі іске – қоршаған ортамызды көркейтуге, көгалдандыруға бағытталған «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында лицей оқушылары арасында «Гүл егу» акциясы оздырылды.
Подробнее...