Бүгін лицейімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ата-аналар арасында достық пен ынтымақты дәріптейтін Спартакиада оздырылды.
Шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Шонбаев Жеңіс Меңдіғалиевич және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Унаева Айман Сарсенбайқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың әділ және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.
Спартакиада аясында ата-аналар волейбол, арқан тарту, асық ату сынды спорттық және ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Әр сыныптың ата-аналары ұйымшылдық танытып, белсенді қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
Жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша:
1 орын – 10-сынып ата-аналарының "Қайсар" командасы;
2 орын – 11-сынып ата-аналарының "Болашақ" командасы;
3 орын – 9-сынып ата-аналарының "Шабыт" командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бұл спорттық шара ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланысты нығайтып, бірлік пен сергектік рухын арттырды. Мұндай игі дәстүрлер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.