«Ғажайыптар әлеміне билет» – ақылды үзіліс

Жаратылыстану пәндері апталығы аясында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Ғажайыптар әлеміне билет» атты ақылды үзіліс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар үш жаратылыстану пәні бойынша (химия, биология, география) дайындалған қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Әрбір дұрыс жауап қатысушыларды келесі кезеңге бір қадам жақындатып, білім сынағынан сүрінбей өткен оқушылар «Ғажайыптар әлеміне» жолдама алу мүмкіндігіне ие болды.
Ақылды үзіліс оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, пәндерге деген қызығушылығын арттыруға, шапшаң ойлауына және алған білімдерін тәжірибеде қолдануына ықпал етті.
Ғажайыптар әлеміне жол – білім мен ізденістен басталады!










