Мектебімізде ағылшын тілі апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Ж.Сагинованың ұйымдастыруымен оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған қызықты зияткерлік ойындар ұйымдастырылды.
7–8 сынып оқушылары арасында “Think or Lose” атты 20 минуттық үзіліс ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар таңдап алған суреттер бойынша ағылшын тілінде фразалар құрап, сондай-ақ берілген суреттер арқылы қай ел екенін анықтады. Бұл тапсырмалар оқушылардың ойлау жылдамдығын, тілдік дағдыларын және тапқырлығын арттырды.
Сонымен қатар, 10-сыныптар арасында “Mind Masters” интеллектуалды ойыны өткізілді. 6 оқушыдан құралған команда қатысып, 8-сынып оқушылары мен ағылшын тілі пәні мұғалімдері дайындаған логикалық және зияткерлік сұрақтарға жауап берді. Команда мүшелері ойын барысында ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білді. Әр дұрыс жауап 1000 теңгемен бағаланды.
Нәтижесінде тартысты өткен ойында команда 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осындай шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етеді.