Ғылыми жобалар байқауына дайындық аясында мектепішілік тыңдалым өтті

2026–2027 оқу жылында 9–11-сынып оқушыларын ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне дайындау мақсатында лицейімізде мектепішілік тыңдалым өтті.
Тыңдалым барысында оқушылар зерттеу тақырыптарын таныстырып, жұмыстың мақсаты мен негізгі нәтижелерін баяндады. Жобаның өзектілігін ашуға, зерттеу әдістерін түсіндіруге және қорытындыларды дәлелдермен негіздеуге назар аударылды.
Мектепішілік тыңдалым оқушыларға өз жобасын аудитория алдында қорғауға машықтанып, облыстық кезеңге дейін жұмыстың қай тұсын жетілдіру керегін анықтауға мүмкіндік берді.
Жас зерттеушілерімізге облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!








