Бүгін лицей директоры Ж.М.Шонбаев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақжан Жасқайратұлы, тарих пәні мұғалімі Азат Бисембаевич және педагог психолог Шынар Ерболатовна интернат оқушыларымен бірге "Қалалық мәдениет және демалыс саябағында" 2022-2023 оқу жылында дәстүрге айналған таңғы жүгіруге шықты. Жүгіруден соң оқушылар табиғат аясында тамақтанып, биылғы оқу жылын қорытындылады. Интернат тәрбиеленушілері уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді.