Бүгін мектебімізде "IT ғаламшары: Бүгінгі идеялар – ертеңгі шындық " атты Информатика және ақпараттық технологиялар апталығы өз бастауын алды.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың информатика, бағдарламалау, робототехника салаларына деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ашылу салтанаты ойын форматында ұйымдастырылып, мектепке кірген әр оқушыға арнайы ойыншы нөмірі беріліп, тәттілер таратылды.
Апталықтың алғашқы күнінде “Сандық ойын: Білімділерге ғана жол ашық!” атты ақылды үзіліс ұйымдастырылды. Оқушылар логикалық сұрақтар мен IT саласына қатысты тапсырмалар орындап, өз білімдерін сынады. Жылдам әрі дұрыс жауап берген 50 оқушы келесі кезеңге өтті. Апта соңында ең үздік информатика білгірі анықталатын болады.
Алдағы күндері оқушылар мен мұғалімдерге арналған көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламалау, робототехника, IT-инновациялар салаларында өз білімдеріңді жетілдіруге, ерекше жобалар мен сайыстарға қатысуға шақырамыз.