«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-18 қараша күндері 7-8 сынып оқушылары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды. Мақсат, оқушыларды көркем әдеби шығармаларды оқуға баулу, ойлау қабілеттерін жақсарту, сыни ойлау көзқарастарын дамыту.
Кітап оқу жарысында Ыбырай Алтынсариннің "Бай мен жарлы баласы", «Данышпан қазы» әңгімелері және Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» шығармасы оқылып, google формы желісінде аталмыш шығармалардан тест тапсыру арқылы әр кезеңнің үздіктері анықталды.
Кітап оқу бәйгесі жобасының ерекшелігі өзін-өзі қаржыландыруында, яғни, қатысушылар оқуға ұсынылған шығармаларды 150 теңгеге сатып алып, нәтижесінде үздіктер қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 7А-сынып оқушысы Бисенбай Назар I дәрежелі дипломмен (3 000 теңгелік сертификат), 8А-сынып оқушысы Асылханұлы Алихан II дәрежелі дипломмен (2 500 теңгелік сертфикат), 8Б-сынып оқушысы Ғайнолла Мейрамбек III дәрежелі дипломмен (1 500 теңгелік сертификат) және «Үздік пікір» аталымымен 8Б-сынып оқушысы Есенжанов Сұлтан, «Үздік талпыныс» аталымымен 8Б-сынып оқушысы Бисембай Ермаш, «Кітапқұмар оқырман» аталымымен 8Ә-сынып оқушысы Булат Әмір марапатталды.
«Кітап оқу бәйгесі» жобасы оқушылар арасында осымен аяқталмайды, алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табады.