Мектеп ұжымының шешімімен 2023-2024 оқу жылында үйірме жұмыстарын «Жобалық іс-әрекеттер» түрінде ұйымдастыру енгізілген болатын. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу болатын.
Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі болып табылады. Биылғы үйірме жұмыстарының нәтижесі ретінде 15-мамыр күні мектепте «Жобалық іс-әрекеттер» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 7 сынып оқушылары ұжымдық жұмыстар, 8 сынып оқушылары топтық жұмыстар, 10 сынып оқушылары жеке жобалық жұмыстарды ұсынды. Атап айтсақ
7а сынып оқушылары үйірмеде жасаған әр түрлі роботтарды;
7ә сынып оқушылары «Үй жағдайында өнім алу технологиясы»;
7б сынып оқушылары «Үй жағдайында ауыз суды тазарту әдістері»;
8а сынып оқушылар тобы «Правильная осанка- залог здоровья»;
8ә сынып оқушылар тобы «Читательские предпочтения подростков»;
8 б сынып оқушылар тобы «АРТ химия»;
10 сынып оқушылары «Дебат-технологиясы» атты жобалар ұсынылды.
Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады, ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді.