Мектепішілік жоспарға сәйкес 29.04-03.05 күндері аралығында “Киберқауіпсіздік: Адам vs Машина” тақырыбында информатика және ақпараттық технологиялар апталығы оздырылды. Апталық барысында әр күн сайын үлкен үзілістерде оқушылардың информатика және ақпараттық технологиялар саласына оқушылардың қызығушылықтары мен танымдық-интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мақсатында “Ақылды үзілістер” ұйымдастырылды.
Оқушылар арасынан бағдарламалауға бейімі, қызығушылығы бар балаларды анықтау; олардың ынталандыру; бағдарламалау бойынша білімдерін тереңдету мақсатында «Python» бағдарламалау тілінен “IT CODE CUP” турнирі ұйымдастырылып, оқушыларға үш тапсырмадан берілді. Тапсырмалар яндекс контест ортасында автоматты түрде тексерілді. Нәтиже бойынша 7-8 сыныптар арасынан 7б сынып оқушысы Есенжанов Сұлтан І орынды, 8б сынып оқушысы Абдушев Ринат ІІ орынды, 8а сынып оқушысы Малашова Камшат ІІІ орынды иеленді.
9-11 сынып оқушылары арасында 11С сынып оқушысы Жумагулов Марлен І орынды, 9а сынып оқушысы Науқанова Ұлболсын ІІ орынды, ал Сериков Ералы 11б сынып оқушысы ІІІ орынды иеленді.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жоғары сынып оқушылары үшін “Қызық IT” ойыны ұйымдастырылды. IT саласы бойынша оқушыларға қызықты ақпараттар туралы сұрақтар қойылып, командалар арасынан жүлделі орынды 10в сынып оқушылары Қоныс Назым, Жапакова Айсауле, Тұяққали Ділдә ұтып алды.
Робот техникасын насихаттау, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатына 7 сынып оқушылары арасында «Robot X» жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыста оқушылар аса белсенділікпен қатынасып, өздерінің шығармашылық тұстарын көрсете алды. Шараға қатысуышлар робот техникаларымен жұмыс жасаудағы шеберліктерін көрсете білді. Жарыстың қорытындысы бойынша Әділбекұлы Айсұлтан І орынды , Есенжанов Сұлтан ІІ орынды, Махамбет Темірлан ІІІ орынды, Амангелдиев Мадияр мен Раш Дарын алғыс хатпен марапатталды.
7-9 сынып оқушыларының арасында «Киберспорт» турнирі ұйымдастырылды.
Киберспорт – енді дамып келе жатқан ең жас спорт түрі екенін атап өткен жөн. Айта кетейік, соңғы уақытта киберспорт миллиондаған аудиторияның көңіл көтеру түрінен жастар арасында танымал спорт түріне айналды.Турнир оқушылар арасында киберспортты насихаттау және қолдау, кибердисциплина бойынша дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
7-9 сынып оқушылары сынға түсіп І орынды 8б сынып оқушылары, ІІ Орынды 9б сынып оқушылары, ІІІ орынды 9а сынып оқушылары иеленді. «Киберспорт» командалық ойынында ерекеше көзге түсіп «Cұрмерген» аталымын 8б сынып оқушысы Абдушев Ринат иемденді.
Осы ұйымдастырылған шаралар барысында оқушыларға киберқауіптің түрлерін ажыратуға, ақпараттық қауіпсіздік құзіреттілігін арттыруға, ақпаратты шифрлеуге және кері шифрлеуге арналған тапсырмалар беріліп апталықтың тақырыбын ашуға бағытталған сұрақтар берілді
Апталықтың қорытындысы ретінді үлкен залда IT Fest шарасы ұйымдастырылды. Әр оқушы зал ішінде еркін жүріп түрлі ойындарға қатынасып сый сияпат алды. Апта бойына белсенділік танытқан, өз білімін жоғары деңгейде көрсетілген оқушыларды мектебіміздің директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы құттықтап, мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар ұсынылды.