Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Таза Қазақстан» қағидаты аясында мектепішілік тазалық күні өтті.
Оқушылар оқу кабинеттерін жинап, ретке келтіріп, ортақ оқу ортасының таза әрі жайлы болуына өз үлестерін қосты. Бірлескен жұмыс барысында ұқыптылық пен ұйымшылдық танытты.
Іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін, еңбекқорлығын және ортақ оқу ортасына жауапкершілігін қалыптастыруға, тазалықты күнделікті сақтауға баулуға бағытталды.
Таза орта өзімізден басталады! Кабинет тазалығын сақтау — әрқайсымыздың күнделікті жауапкершілігіміз.