«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі өткізілді.
Бәйгенің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиет арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу.
Бәйгеге қатысушыларға Шерхан Мұртазаның «Интернат наны», Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі»шығармалары ұсынылды. «Интернат наны» шығармасы «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында 8-сынып оқушыларына оқуға ұсынылған кітаптар тізіміне енгізілген.
Жарыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңдері Google Form платформасында онлайн форматта ұйымдастырылып, қорытынды кезең Kahoot платформасы арқылы тест тапсырмаларын орындау негізінде өткізілді.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
* Жасқайрат Мадина (8Б сынып) – I дәрежелі диплом
* Ерболат Бекназар (8А сынып) – II дәрежелі диплом
* Нұртаза Диас (8Б сынып) – II дәрежелі диплом
* Бисенғали Еркеназ (8А сынып) – III дәрежелі диплом
* Талап Бейбарыс (8Б сынып) – III дәрежелі диплом
* Серік Айару (8Б сынып) – III дәрежелі диплом
* Сериков Мансур (8Б сынып) – «Кітаппен достасқан оқушы» аталымы
* Әділбек Еркем (8Б сынып) – «Оқуға құштар оқырман» аталымы
* Қайырбай Нұртөре (8Б сынып) – «Кітапқұмар оқырман» аталымы
* Нұраш Көркем (8Б сынып) – «Кітап оқу майталманы» аталымы
* Жақсылық Салима (8Б сынып) – «Үздік талпыныс» аталымы
Бәйгеге қатысып, белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз.
Кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, мектепте оқырмандық ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
#ОқуғаҚұштарМектеп #КітапОқуБәйгесі #КітапОқитынҰлт