Мектебімізде «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандарының қатысуымен оқушыларға арналған профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты — діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі діни ақпаратты дұрыс қабылдауға және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтануға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында теолог мамандар дін мен мемлекеттің арақатынасы, зайырлылық ұғымы және діни ақпаратқа сыни көзқараспен қараудың маңызы туралы түсіндірді. Әлеуметтік желілердегі күмәнді діни мазмұннан сақтану, ақпараттың сенімділігін тексеру және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәселелеріне назар аударылды.