Лицейімізде дәстүрлі Денсаулық күніне арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара Орал қаласының орталық стадионында өтіп, оқушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыс барысында оқушылар шапшаңдық пен ептіліктерін көрсетіп қана қоймай, төзімділік пен командалық рухтың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, спорттық күн көтеріңкі көңіл күймен қорытындыланды.
Денсаулық – зор байлық! Ал оны нығайтудың ең жақсы жолдарының бірі – қозғалыс пен белсенді өмір салты.