Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында 8–9 тамыз күндері өткен 2026 WRO KOREA National Final ашық халықаралық олимпиадасында лицейіміздің оқушылары Қазақстанның ұлттық құрама командасы құрамында ел намысын қорғады.
Robomission Junior санатында бақ сынаған команда жарыс қорытындысы бойынша Brilliance Award марапатына ие болды. 🏆
Brilliance Award - корейлік WRO кезеңіндегі ең жоғары судьялық марапаттардың бірі болып, Чхонджу мэрінің Алтын медаліне теңестіріледі. Биыл бұл марапатқа Қазақстан мен Вьетнам командалары ие болды. 🇰🇿🇻🇳
Командаға жетекшілік еткен Бекчурина Айнұр Төлегеновнаға және оқушыларымызға Қазақстанның көк туын халықаралық аренада абыроймен қорғағандары үшін алғысымызды білдіреміз!
Жас робототехниктерімізді алтын деңгейдегі Brilliance Award марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉🤖
Биіктерді бағындыра беріңіздер! 🇰🇿❤️