Апталық барысында оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, химия пәндерінен алған білімдерін өмірде қолдану үшін қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында «Химия – ой мен ойын» ақылды үзілісі ұйымдастырылды. Оқушылар QR-код арқылы жасырылған тапсырманы тауып, химиялық қосылыстардың формулалаларын құрастырды. Үзіліс уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай, оқушылар бір-біріне көңіл күй сыйлай білді. Күнделікті оқу-білім алумен қатар, бос уақытын қызықты өткізіп отырса, оқушыларымыздың бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық, ұйымшылдық қасиеттері арта түседі.
Оқушылардың қоңырау уақытын тиімді өткізу үшін ұйымдастырылған "Ақылды үзіліс " сәтінен.