Мектебіміздің оқушысы Ерғалиев Дәулет Дәуренұлы Астана қаласындағы Cardiff University Kazakhstan университетінен шақырту алып, тағы бір маңызды белесті бағындырды.
Бұл жетістік білімге деген жауапкершіліктің, үздіксіз ізденіс пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Дәулеттің алдағы оқу жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, өз мақсатына нық қадам басатынына сеніміміз мол.
Оқушымызды осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолында сәттілік серік болып, білім мен ғылымның биік шыңдарын бағындыра беруіне тілектеспіз.
