23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектеп кітапханасы сіздерді «Отбасылық кітап әлемі» атты үй кітапханасын таныстыру байқауына қатысуға шақырады!
Бұл байқау – отбасыңыздағы кітапқа деген сүйіспеншілікті, оқу мәдениетін және шығармашылық ойларыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік.
Мақсаты: отбасылық кітап оқу мәдениетін насихаттау
Байқау шарттары:
- 1-3 минуттық бейнеролик дайындау
- Бейнероликте үй кітапханасының ерекше бұрышын көрсету
- Отбасы мүшелерінің сүйікті кітаптары туралы қысқаша айту
- Отбасылық кітап оқу дәстүрлерін көрсету
Байқау уақыты: 13–23 сәуір аралығы
Шығармашылық идеясы мен кітапқа деген махаббаты ерекше оқырман отбасылар марапатталады.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
