«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 18-31 наурыз күндері мектеп оқушылары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды. Мақсат, оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, көркем әдеби шығармаларды оқуға баулу, ойлау қабілетін жақсарту, сыни ойлау көзқарастарын дамыту.
Кітап оқу жарысында Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармасы және халық ауыз әдебиетінен «Аяз би ертегісі» оқылып, google формы желісінде аталмыш шығармалардан тест тапсыру арқылы әр кезеңнің үздіктері анықталды.
Кітап оқу бәйгесі жобасының ерекшелігі өзін-өзі қаржыландыруында, яғни, қатысушылар оқуға ұсынылған шығармаларды 150 теңгеге сатып алып, нәтижесінде үздіктер қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 7Ә-сынып оқушысы Сағаден Сағи I дәрежелі дипломмен (1 500 теңгелік сертификат), 7Б-сынып оқушысы Есенжанов Сұлтан II дәрежелі дипломмен (1 200 теңгелік сертфикат), 8Ә-сынып оқушысы Каналиев Тагир III дәрежелі дипломмен (750 теңгелік сертификат) марапатталды.
«Кітап оқу бәйгесі» жобасы оқушылар арасында осымен аяқталмайды, алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табады.