Мектебімізде мектеп ұжымы мен ата-аналары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқу бәйгесі» өз мәресіне жетті. Бәйгенің басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы рухани байланысты нығайту және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар Дулат Исабековтің «Бекет», «Өкпек жолаушы» шығармаларын оқып, мазмұны бойынша тест тапсырмаларын орындап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Нәтижесінде белсенділігімен және оқуға деген ерекше ынтасымен дараланған жүлдегерлер анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша Беккалиева Жанаргуль Шукургалиевна – І орын, Кайденова Алтын Аманкелдиевна және Шонбаева Кундуз Мендигалиевна – ІІ орын, Фазылова Гулжауар Сериккалиевна, Кабиева Жанар Ербулатовна, Кайрова Жемис Ерсайновна, Тулешова Аэлита Климовна – ІІІ орын иеленді.
Сондай-ақ Нұрқанова Алтын Аханқызы «Кітапқұмар оқырман», Жұбанышева Айнұр Серікқалиқызы «Үздік талпыныс», Адиева Гулжаз Булатовна «Кітап оқу майталманы», Карабалин Ринат Серикович «Ең белсенді оқырман», Кабдекенова Айнур Ермековна «Оқуға құштар оқырман», Кабуова Асем Асхаровна «Кітаппен достасқан ата-ана» аталымдарымен марапатталды.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!