«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында 7б-сынып оқушыларымен маңызды тәрбиелік кездесу өтті. Кездесуге сынып оқушысы Лесбек Бекарыстың әкесі Дуйсебаев Марат Лесбекұлы мен анасы Бейсенова Гулшара Абдибековна арнайы келіп, оқушылармен жауапкершілік, үлкенге құрмет көрсету, жеке үлгі болудың маңызы туралы мазмұнды әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар өмірлік жағдайлар арқылы жауапкершілікті сезіну, адамгершілік құндылықтарды сақтау және әр адамның өз іс-әрекетімен өзгеге үлгі бола алатыны жөнінде ой бөлісті. Оқушылар тақырыпқа байланысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу болды. Ата-ана өз тәжірибесінен мысал келтіріп, дұрыс таңдау жасау мен мінез-құлық мәдениетінің тұлға қалыптастырудағы рөліне тоқталды.
Мұндай кездесулер мектеп – ата-ана – оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушылардың тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.