Бүгін, 18 наурыз күні лицейімізде саптық жиын оздырылып, дарынды оқушыларымыз марапатталды.
Роботтарды жобалау, инженерлік ғылымдармен басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізілген облыстық «Roboland» роботтық техника жарысының (10-14 жас аралығындағы) «Биатлон» категориясы бойынша белсене қатысқаны үшін 7 сынып оқушылары Есенжанов Сұлтан мен Нұрланов Еркебұлан «Алғыс хатпен», (10-14 жас арасындағы) «Кегельринг-квадро 2» категориясы бойынша Әділбекұлы Айсұлтан мен Махамбет Темірлан жүлделі ІІІ орынмен, (14-17 жас аралығындағы) «Робогеометрия» категориясы бойынша ІІ орынға ие болған 9 сынып оқушысы Тулегенова Гульнафис пен 10 сынып оқушысы Суттибаева Тинаға дипломдар табысталды. (Жетекшілері: Байхан Б.Ж)
Мектеп оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық пен ойлау қабілеттерін айқындау және дамыту, ағылшын тілі бойынша дарынды оқушыларды қолдау мақсатында оздырылған 9-10 сынып оқушыларына арналған «Blits» олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталған Зинекешова Ясминур (жетекшісі: Сагинова Г.Ж) және ІІ орынға ие болған Сергалиева Аминаға (жетекшісі: Дюсенгалиева Г.А) дипломдары табысталды.
Оқушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі облысындағы өнертапқыштық пен зерттеу жұмыстарына тарту, дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін 2024 жылдың 1 наурыз күні өткізілген «Ғылым әлемін ашамыз» атты облыстық көрме байқауына қатысып, «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» секциясы бойынша ІІІ орынға ие болған Серікқали Еңлік пен Нәби Айгул (жетекшісі: Кожахметова Л.А) марапатталды.
Мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиетінің жарқын қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын дәріптеп, әдеби тілді сауатты, еркін меңгерту мақсатында оздырылған облыстық байқауға қатысып, жүлделі орындардан көрінген оқушыларымыз «Сәкен шығармаларынан сурет салу» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болған 9 сынып оқушысы Беркін Айсая (жетекшісі: Сундетова Н.М), «Жас ақындардың Сәкен рухына арнап шығарған жеке өлеңдерін мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болған 10 сынып оқушысы Наурызбай Малика (жетекшісі: Мусагалиева Р.К) марапатталды.
24 ақпан күні Көкшетау қаласында өткен 2-7 сынып оқушыларының арасында ХІХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының химия, биология секциясы бойынша республикалық кезеңіне қатысып, І орынды жеңіп алған мектебіміздің мақтанышы, дарынды оқушымыз Калимеден Гүлсанатқа (жетекшісі: Қоныспай Р.Қ) диплом және мектеп түлектерінің қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің атынан сертификат табысталды.
Жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушыларымыз бен ғылыми жетекшілерді мектеп директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы құттықтап, жиынды қорытындылады. Алар асуларыңыз биік болсын, ІТ дарындары!