Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялаған болатын.
Алғыс айту күні - күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тұңғыш Президенттің басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл Қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі.
Мерекеге орай жаныңызда жүрген жақын адамдарыңызға алғыс айтуды ұмытып кетпеңіз. Ал біз баршаңызға алғыс білдіре отырып, мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр күніміз берекелі болсын!