Бүгін, 14 ақпан күні лицейімізде саптық жиын оздырылып, дарынды оқушыларымыз марапатталды.
3-4 ақпан күндері Jaiq – Hub-тың ұйымдастыруымен 24 сағат ішінде инновациялық it – стартаптарды құруды ынталандыру мақсатында оқушылар мен студенттер арасында өткен «Jaiq Hackathon» - тегін интеллектуалды жарыс жүлдегерлері: Серіков Ералы, Нұржанқызы Назар, Мұхамбет Асылжан, Мұратова Жанар (жетекшісі Мухамбеткалиев О.Ж) жүлделі І орынмен марапатталып, сертификаттары табысталды.
7-8 ақпан күні оздырылған 2-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған лицейіміздің оқушылары марапатталды. Ағылшын тілі секциясы бойынша зерттеу жобасымен байқауға қатысқан Мәди Жібек (жетекшісі Сагинова Г.Ж), орыс тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Хамза Айару (жетекшісі Кушкарбаева Г.О), технология және өнер секциясы бойынша диплом иегері 7 сынып оқушысы Тұрсынғали Айдана (жетекшісі Сундетова Н.М), информатика, робототехника секциясы бойынша диплом иегері 7 сынып оқушысы Ғайнолла Мейрамбек (жетекшісі Кожахметова Л.А), информатика, робототехника секциясы бойынша 7 сынып оқушылары Әділбекұлы Айсұлтан, Есенжанов Сұлтан жүлделі ІІІ орын (жетекшісі Байхан.Б.Ж), математика, қолданбалы математика секциясы бойынша 7 сынып оқушысы Болатов Алпамыс жүлделі ІІІ орын (жетекшісі Ғабдрахманова С.А), химия, биология секциясы бойынша 7 сынып оқушысы Калимеден Гүлсанат жүлделі І орын иегері (жетекшісі Қоныспай Р.Қ) марапатталып, түлектер қауымдастығы атынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.
6 ақпан күні 7-10 сынып оқушыларына арналған «Хадыржан Лұқпанов атындағы физика пәнінен облыстық олимпиадаға» қатысқан оқушыларымыз: Тұрсынғали Айдана, Малашова Камшат белсене қатысқаны үшін, Раш Дарын ІІІ орын және Аманғали Ақылбек І орынмен, сондай-ақ командалық есеппен жүлделі ІІІ орын және 20000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
Сондай-ақ, 7-8 ақпан күндері лицейміздегі 7 және 8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңінде оза шауып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар тізімі хабарланды. Аймақтық олимпиадаға барлығы 12 пән бойынша 73 оқушы қатысты.
Сонымен қатар, 23 қаңтар - 9 ақпан аралығында қаңтар Ұлттық біріңғай тестілеуіне қатысқан түлектеріміз арасында 11А сынып оқушысы Муратова Жанар 137 ұпай жинап, республика бойынша ең үздік көрсеткішпен мектебіміздің мерейін асырды. Дарынды түлегімізге ұстаздар атынан ынталандыру сыйлығы табысталды. Жиын соңында лицей директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, жиынды қорытындылады.
Мектебіміздің мерейін үстеп жүрген барша дарындыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!