2024 жылдың 9 ақпаны күні интернат тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында лотерея ойнатылды. Ұтысқа барлық тәрбиеленушілер тегін негізде қатысты.
Қандай да болмасын сыйлық алу адамның көңіл-күйін көтереді. Адамды күннің суықтығына қарағанда, көңілдің суықтығы қаттырақ тоңдырады. Сондықтан мектеп ұжымы әрдайым оқушылардың мектептегі уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізуді ұйымдастырып, оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлап отырады.
Осы мақсатта ұтыс ойыны "Қуаныш сыйлау да бір бақыт!" атты шара түрінде оздырылды. Шараға мектептің 2009 жылғы түлектері мен Ресейдің Москва қаласындағы «АзияСтрой» жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры Балмулдин Теміржан Абдоллаұлы демеушілік көрсетіп, ұтыстың жалпы жүлде қоры 350 000 теңгені құрады.
Осы шараның өтуі барысында ата-аналар да қалыс қалмай, мектепке жаңадан теннис столын сыйға тартты.
Халқымыздың "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" деген нақыл сөзін тілге тиек ете отырып бұл шарағадемеушілік көрсеткен тұлғаларға мектеп әкімшілігі, ата-аналар, интернат тәрбиеленушілері атынан алғыс айтамыз.
«Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын»-деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, аға ұрпақтың қамқорлығын көріп өскен жас ұрпақ қазірден бастап мектеп, отбасы және қоғамда мейірімді болады деп сенеміз.