Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде сыныптар арасында «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты — оқушылардың елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, жетістіктерін ел игілігі жолында бағалай білуге тәрбиелеу.
Сонымен қатар, барлық сыныптарда Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар еліміздің тарихы, тәуелсіздіктің маңызы жайлы мағыналы мәліметтер алып, патриоттық рухтары нығая түсті.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы — білімді, саналы ұрпақтың қолында! 🇰🇿
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ бағдарламасы