Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп инспекторы Ибатов Нұрболат Бейбітұлы мен «РИО INVAGROUP» салауатты өмір салтын ұстану орталығының бас маманы Мендыбаева Райса Аманжоловна қатысып, оқушылармен ашық форматта әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында СПИД/АИТВ инфекциясының алдын алу, нашақорлық, синтетикалық есірткілердің зияны, сондай-ақ соңғы уақытта жиі кездесетін дропперлік пен есірткіні жасыру арқылы таратудың қылмыстық жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Мамандар нақты өмірден алынған мысалдар келтіріп, видеороликтер көрсетіп, заң бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігін атап өтті.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің дұрыс таңдау жасауына, заңды құрметтеуге және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына үлкен ықпал етеді.
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!