Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай орай 1-8 желтоқсан күндері 7-сынып оқушылары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды. Бәйгеде қатысушылар жазушының «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, өз білімдерімен бөлісті.
Кітап оқу жарысының 1,2-кезеңдері Google Form желісі арқылы, қорытынды кезеңі Kahoot платформасымен тест тапсыру арқылы өткізіліп, үздіктер анықталды.
Бәйге 3 кезеңге бөлінді. Барлығы 41 оқушы қатысты, солардың ішінен 70%-ы екінші кезеңге, 50% -ы қорытынды кезеңге өтті.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 7Б-сынып оқушысы Ерболат Бекназар I дәрежелі дипломмен (3 000 теңгелік сертификат), 7А-сынып оқушысы Бисенғали Еркеназ II дәрежелі дипломмен (2 000 теңгелік сертфикат), 7ә-сынып оқушысы Ибраев Аймырза II дәрежелі дипломмен (2 000 теңгелік сертификат), 7Ә-сынып оқушысы Ерболат Жанәділ ІII дәрежелі дипломмен (1 000 теңгелік сертификат), 7Ә-сынып оқушысы Жасқайрат Мадина IІI дәрежелі дипломмен (1 000 теңгелік сертификат) және 7Б-сынып оқушысы Мұхтар Омар IІI дәрежелі дипломмен (1 000 теңгелік сертификат),7А -сынып оқушысы Серік Мариям «Кітапқұмар оқырман» (800 теңгелік сертификат) аталымдарымен марапатталды.
Оқу бәйгесінде белсенділік танытып қатысқан барша оқырмандарымызға алғыс білдіреміз!