1-ақпан күні мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында «Саналы ұрпақ-ұлт болашағы» атты пікірсайыс турнирі оздырылды.
Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік қабілеттерін дарыту, туған өлке мен елдің мәселелерін ойландыруға негіз болу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Пікірсайыс турнирінде Орал қалалық №41 мектеп-лицей атынан «Су-Ай» және «Стиль», БҚО «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты атынан «Білім-инновация», БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернаты атынан «Фемида», «Олжа», «Кемеңгер» құрамаларынан барлығы 6 фракция қатысты.
Ойын барысында мына қарарлар талқыға түсті:
- БП: қазақ тілінің үстемдігін арттыруда ҰБТ мен қатар ( оқу сауаттылығын есептемегенде) IELTS сынды 9 балдық шкаламен бағаланатын экзаменді бекіту дұрыс деп есептейді
- БП: пікірсайыс қозғалысының мүшелері пікірсайыста жетістікке жетуді емес, ондағы мүмкіндіктерді игеруге басымдылық қоюы тиіс д.е. (мысалы, ораторлық өнер, көшбасшылық, командалық жұмыс, медиа маркетинг жене т.б. падалы тұстарын жеңістен де маңызды деп үкімет алаңды ашады, қорғайды, ал оппазиция пайдалы тұстарының маңыздылығын мойындай отырып, жеңістің жоғары тұратынын дәлелдейді)
- БП: қазіргі замандағы алтыншы дұшпанды көрсетеді
(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз)
- БП: мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті
Пікірсайыс алаңында оқушыларға бағыт-бағдар көрсетіп, жеңімпаздарды анықтауда облыстық «Ақиқат» пікір-талас орталығы және пікірсайысшы, республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Мақсотов Арнұр Мәуленұлы төрешілік етті.
Сайыс нәтижесі бойынша:
- «Фемида» құрамасы I орын – 15000 теңгелік сертификат және «Bilim» оқу ортылығының 1 айлық тегін оқу сертификаты
- «Су-ай» құрамасы II орын – 10000 теңгелік сертификат және «Bilim» оқу ортылығының сертификаты (1 ай/70%)
- «Олжа» құрамасы III орын – 5000 теңгелік сертификат және «Bilim» оқу ортылығының сертификаты (1 ай/50%)
- «Стиль» құрамасы «Үздік талпыныс» аталымы – 2000 теңгелік сертификат.
Оқушылардың білімі мен бәсекелестік қабілеттерін шыңдайтын пікірсайыс турниріне қолдау көрсетіп, демеушілік білдірген БҚО дарынды балаларға арналған маманданыдырлаған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты (Педагогикалық лицей) түлектерінің Қауымдастығы қоғамдық бірлестігіне және «Bilim» оқу ортылығына мектеп атынан алғыс білдіреміз!
Турнир – басқа мектептердің оқушыларымен достық қарым-қатынас орнатуға және оқушылдардың дебат үйірмесіне қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік туғызды.