2025 жылғы 6 қараша күні 9-сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар» тақырыбында ақпараттық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларды болашақ мамандық таңдауға бағыттау, бейінді пәндерді дұрыс таңдау жөнінде ақпарат беру және кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы олардың болашақ жоспарын айқындауға көмектесу.
Шара барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С. Иманғалиева 9-сынып оқушыларына кезекті аттестаттау емтиханы жөнінде, сондай-ақ таңдау пәндері мен емтиханның өту мерзімі және емтихан ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.
Мектептің кәсіби бағдар беруші педагогы Н.М. Сундетова оқушыларға келесі бағыттар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді:
• бейінді пәндердің маңызы мен олардың мамандық таңдаудағы рөлі;
• ҰБТ тапсыру жүйесі және пәндерді таңдаудағы ерекшеліктер;
• сұранысқа ие мамандықтар тізімі мен еңбек нарығындағы өзекті бағыттар;
• Қазақстандағы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары және олардың білім беру мүмкіндіктері;
• мамандық таңдауда ата-ананың және мұғалімнің рөлі туралы кеңестер.
Сабақ соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жеке кәсіби бағдарлық кеңестер ұсынылды.