Мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Кожахметова Ляззат Асылбековна үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған "Үздік авторлық бағдарлама" облыстық конкурсында жүлделі І орынға ие болды!
Бұл жеңіс — ұстазымыздың кәсіби шеберлігі мен жаңашыл әдістемелік ізденістерінің жемісі.
Ляззат Асылбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! Байқаудың Республикалық кезеңіне шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз!
