Бүгін мектебімізде жыл сайынғы дәстүрге айналған ерекше шара – "Бір үйдің баласындай" атты концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл шараны 10-сынып оқушылары 11-сынып бітірушілеріне арнап ұйымдастырды.
Кештің басты мақсаты – мектеп қабырғасынан ұшқалы тұрған түлектерге жарқын көңіл-күй мен ұмытылмас естелік сыйлау. Шара барысында 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде қарсы алып, әртүрлі қызықты номинациялармен марапаттап, арнайы әндер мен билер, көңілді ойындар ұйымдастырылды. Әрбір қойылым – түлектерге деген шынайы алғыс пен жылы лебіздің көрінісі болды. Бұл кеш 11-сынып оқушылары үшін мектептегі соңғы әрі ең есте қаларлық сәттердің бірі ретінде тарихта қалатыны сөзсіз.