Біздің мектепте интернат тәрбиеленушілері 7-сыныпта түскеннен бастап мектеп бітіргенше бес жыл тұрады. Интернатта тұру кезінде оқушы өз бетінше дербес шешім қабылдауға, жаупакершілікті өз мойнына алуға, ортада өзін-өзі ұстауға үйреніп, жалпы өмірге қажетті дағдыларды меңгереді. Сондықтан, интернат - оқушылардың екінші үйі болып есептеледі.
Осы оймен интернат бөлмелеріне үйдің жылылығы мен жайлылығын беру мақсатында интернат бөлмелерін жаңаша стильде жөндеу керек. Оны алдымен бір бөлмені жөндеп көру арқылы көрмек болдық. Осы жұмысты іске асыруға демеушілер қарастырылып келді. Мектептің 30 жылдық мерейтойына орай 2001 жылғы мектеп түлектері мектеп әкімшілігінің ұсынысын қолдап, интернаттің бір бөлмесінің жөндеу жұмыстарына демеушілік көрсетуге шешім қабылдады. Аталған жұмыстың басы-қасында Жұмағалиев Әділжан мен Ермеков Момыш жүрді. Нәтижесінде, интернаттағы №3 бөлме толықтай жөндеуден өткізіліп, соңғы үлгідегі əдемі жиhаздармен жабдықталды. Алдағы жылы қалған бөлмелерді де осы үлгіде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Түлектеріміздің игі істеріне мектеп ұжымы мен оқушыларымыздың атынан алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз.